Шолу Империя нұсқасы

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Ысқаша шолу

Қазақстанның географиялық жағдайы туралы мағлұматтар көне дәуірден жинақтала басталған. Кейіннен еліміздің табиғи қоры туралы қытайдың және арабтардың жиһанкездері мен елшілері сипаттап жазған. Біздің дәуірге дейінгі II ғасырда қытай елшісі Чан-Цун: «Жетісу өңірінің тегіс жерінде шөптесін өсімдіктер бар, ал тау ішінде ағашы көп, орнықты халқы егіншілікпен айналысады», – деп жазған. X ғасырда араб ғалымдары Ибн-Русге еліміздің ауа райы, мәдени өсімдіктері және топырағы туралы жазба мағлұматтар қалдырған. Олар Сырдария бойының топырағын, Жайық пен Эмба өзендері және Ертіс өңірі аралығында орналасқан қимақтардың жайлаулары мен, қыстаулары бар даланы сипаттаған. XVIII – XIX ғасырлар аралығында Қазақстанның табиғатымен топырақ жамылғысын атақты ғалымдар И.И.Лепихин (1795), С.Г.Гмелин (1806), Э.А.Эверсман (1840), Ш.Ш.Уалиханов (1855ж), П.П.Семенов–Тяньшанский (1856,1857), Ф.Рупрехт (1866), Г.И.Танфильев (1902) өз еңбектерінде сипаттап жазды. Ш.Ш. Уалиханов (1855) қолжазбаларында Балхаш көлі маңындағы сор топырақтарды, Семей өңірінің кебір топырақты құрғақ даласын сипаттап өткен. Тянь-Шань тауы бөктерінде қазақ дихандарының өзендерден арықтар арқылы егіс танаптарына су көтеріп тары, бидай себетіндерін сөз еткен.

1903 жылы жарық көрген «Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 18 томында Қазақстанның географиялық жағдайы, соның ішінде топырақ жамылғысы туралы мағлұмат жарияланды.

XX ғасырда Қазақстанның табиғи байлығына орыс мемлекеті мүдделеніп, олар елімізде зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізе бастады. Ресейдің Азия бөлігінің өсімдіктерін және топырақтарын зерттеуді 1907-1916 жылдары К.Д.Глинка ұйымдастырып, басқарды. Осы жылдары Қазақстан топырағын зерттеуге С.С.Неуструев, А.И.Безсонов, Р.И.Аболин, Л.И.Прасолов, И.В.Ларин және т.б қатысты. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі негізінде К.Д.Глинканың (1909, 1923, 1926), Л.И.Прасоловтың (1926), А.И.Безсоновтың (1910) бірнеше кітаптары басылып шығып, оларда еліміздің топырақтары туралы мәнді мағлұматтар жарияланды.

1926-1930 жылдары Қазақстан топырағын зерттеуге белгілі орыс ғалымдары И.П.Герасимов, Е.Н.Иванова, Е.В.Лобова, Т.Ф.Якубова қатысты. Осы жылдары Қазақстанның Халық комиссариатының топырақ бюросы, су басқармасы, Мемлекеттік жер тресі қызметкерлері еліміздің түрлі аймағында топырақтарды, өсімдік дүниесін және агроэкономикалық жағдайларды зерттеуді қарқынды жүргізді. Осы жұмыстарға Қазақстанның топырақтану ғылымының жас мамандары Ө.О. Оспанов, Я.Ф. Дубовик, А.В. Мухля, С.П. Матусевич, Д.М.Стороженко ж.б. қатысты.

Л.И. Прасоловтың басқаруымен 1935 жылы Қазақстан ғалымдары дайындаған Қазақ Республикасының топырақ картасы дайындалды. Осы жылы С.П.Матусевич ж.б. авторлар дайындаған «Қазақстанның топырақ жамылғысы» кітабы жарық көрді. Осы еңбекте бірінші рет еліміздің әр түрлі геоморфологиялық аймақтарының топырақ жамылғысы жүйелі түрде сипатталды.

1939 жылы Кеңестер Одағының Ғылым академиясының қазақ филиалы құрамында топырақ зерттеу бөлімі ашылып, оның негізінде 1945 жылы Қазақстан Ғылым академиясының топырақтану институты құрылды. Ол қазіргі кезде мемлекетіміздің мамандандырылған ірі ғылыми зерттеу институты. Осы институт ғалымдары отанымызда топырақтану ғылымының дамуына, еліміздің топырақтарын зерттеу барысына аса ауқымды үлес қосты. Институт ғалымдарының атқарған жұмыстарының бастылары: кіші және орташа масштабтағы еліміздің және әр облыстардың топырақ карталарын жасау; шаруашылықтар мен мемлекеттік жер қорларының ірі масштабты карталарын жасау, топырақ мелиорациясы, топырақ эрозиясы жөніндегі стационарлы және әр аймақта өткізілген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу; Қазақстан топырақтарын кешенді түрде сипаттайтын 14 томдық «Қазақстан топырақтары» атты жинақты баспадан шығару; еліміздің топырағын жіктеу және оларды диагностикалау мәселелерін зерттеп, оны іс жүзіне асыру. Осы топырақтану институтын 1945-1968 жылдары аралығында белгілі топырақтанушы ғалым Өмірбек Оспанұлы Оспанов басқарды.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Ө.О. Оспанов (1906-1993ж.ж.)

Ө.О.Оспанов (1906-1993ж.ж.) Қазақстанда топырақтану ғылымының негізін қалаушы ұлтымыздың алғашқы топырақтанушы маманы. Ол 1932 жылы Мәскеудегі К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бітіріп, КСРО Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы топырақтану институтының аспирантурасында білімін жалғастырды.

Қазақ Ғылым академиясының президенті Қ.И.Сатпаевтың орынбасары ретінде қызмет атқара жүріп ол еліміздің топырақтану ғылыми зерттеу институтының ашылуына, Қазақстан топырақтарын тың игеру жылдары ұтымды зерттеуге, топырақтанушы ғалымдарымыздың ғылыми жұмыстарының әлемдік деңгейге сай жүргізуіне аса зор үлес қосқан ғалым. Тың игеру жылдары (1954-1958ж.ж.) топырақ зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қысқа мерзімде 100 млн. топырағы зерттелініп, ірі масштабтағы топырақ карталары және топырақты ауыл шаруашылығында гектардың пайдаланғанда қажетті картограммалар дайындалды. Жарамды 22,6 млн. гектар жер таңдалынып алынып, игеруге ұсынылды (Ө.О.Оспанов, К.Ш.Фаизов, И.В.Матыщук, П.И.Тимошин, Ш.А.Шолақов, А.М.Дурасов, Н.П.Панов).

Қазақстанда топырақтардың эрозияға ұшырауы жағдайының ұлғая түсуіне байланысты еліміздің ғалымдары топырақ эрозиясы байқалатын аймақтар картасын дайындады, эрозияға және дефляцияға қарсы қолданылатын шараларды қалыптастырып жүзеге асырды (Р.Джанпейсов, М.Бельгибаев, А.И.Бараев, Г.Г.Берестовский ж.б.).

Топырақты көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығында пайдаланғанда оның бойындағы өзгерістер зерттелініп, топырақты құнарсызданудан сақтау жолдары анықталды (В.В.Редков, Т.Д.Джалангозов, Ш.А.Шолақов, Б.Н.Вишневская, Р.Е.Елешев, С.З.Елубаев, В.Г.Черненок).

Еліміздің суармалы аймақтарында қолданылатын топырақтардың ерекшеліктері зерттелініп, оларды дұрыс қолдану жолдары айқындалды (Ж.У.Аханов, В.А.Корниенко, М.А.Орлова, Л.И.Пачикина, Т.Т.Тазабеков). Қазақстанда таралған сор, сортаң және кебір топырақтардың қасиеттері, түзілуі зерттеліп, оларды дұрыс игеру шаралары анықталды (М.В.Боровской, В.Н.Михайличенко, И.Я.Половицкий, В.М.Кирюшин).

Кейінгі жылдары елімізде топырақтану ғылымы одан әрі алға басып, дамып келеді. Ғалымдарымыз топырақ құнарлылығын өндіруді, құнарлылықтың оңтайлы көрсеткіштерін анықтауды, топырақ микроорганизмдерінің физиологиялық, биохимиялық қызметін, топырақ қарашірігінің өзгерістерін зерттеуді жүргізу бағытында ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Әсіресе топырақ экологиясы жөніндегі мәселелерге көп көңіл аударылып, топырақтың улы заттармен ластануы, адамзат әсерінен бұзылып, бүлінуі байқалатын өндірістік аймақтар анықталып, топырақтың экологиялық қызметтері және оның агроэкологиялық мүмкіншілігін зерттеу бағыттарындағы жұмыстар жалғасуда.

Дата добавления: 2020-04-21 ; просмотров: 2330 ; ЗАКАЗАТЬ НАПИСАНИЕ РАБОТЫ

Шолу Империя нұсқасы

Тел: +7 776-530-71-65( WhatsApp )

Адрес: Казахстан, Алматы, Сатпаев көш, 29 үй

Ustaz tilegi – Ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайты. Сайтта ашық сабақтар, сабақ жоспарлары, қмж, омж, ұмж, ктп, сценарийлер, олимпиада есептерін, тәрбие сағаттарды, мұғалімдерге керекті барлық құжаттарды таба аласыз. Сайтта тегін материал жариялап, олимпиадаларға қатысып сертификат, диплом, алғыс хат, грамота мадақтамаларды алуға болады. Видеосабақтар мен вебинарларға қатысып біліктілікті арттыруға болады.

Сайтта жарияланған материалдарға толықтай материал жариялаған автор жауапты. Егер сайтта сіздің немесе заңсыз жарияланған материалды көрсеңіз редакцияға кері байланыс арқылы хабарласуыңызға болады. Сайт редакциясы сізге барлық жағынан қолдау білдіруге дайын.

Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді. Осыған орай Egemen Qazaqstan газетінде басылымның басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Ұлы даланың теңдессіз тарихнамасы» атты мақаласы жарияланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезеңде алтын әулет ұрпағы алты құрлыққа кемел билік жүргізген кемеңгер Шыңғыс қағаннан мемлекеттік бастауын тартатын елдер де көп, бұл тақырыпта қалам тартатын жандар да аз емес. Осыған байланысты кейде түпдеректерге сүйенбеуден балаң да ұшқары пікірлер, жаңсақ жорамалдар да айтылып жүргені белгілі. Сайып келгенде, мұның негізгі себебі түпнұсқа деректерді оқымаудан, қолжазбаны ғылыми деңгейде игермеуден туған олқылықтан деуге болады. Осы орайда Шыңғыс хан құрған империя тарихына қатысты канондық нұсқадағы ортағасырлық парсы дереккөздері арасында әйгілі Рашид ад-дин Фазлуллах ибн Имад ад-Даула Абул-Хайр Әли Хамаданидің (1247-1318 ж.ж) «Жамиғ ат-тауарих» еңбегінің бағасы орасан зор» делінген мақалада.

Мақала авторы Халықаралық Түркі академиясының президенті, ғалым Дархан Қыдырәлінің жазуынша, Рашид ад-дин 1247 жылы Иранның Хамадан қаласында дәрі-дәрмек жасайтын оқымысты дәрігерлер әулетінде дүниеге келген. Атасы мен әкесі Құлағу ханның сарайында дәрігер болып қызмет еткен. Осындай білімді отбасында дүниеге келген ол жақсы білім алып, әуелі Құлағу ханның ұлы Абақа ханның дәрігері әрі хатшысы болған. Аса қабілетті, дарынды, жан-жақты оқымысты ғалымды бағалаған Ғазан хан оны 1298 жылы Елхан мемлекетінің уәзірі шеніне дейін көтерген. Рашид ад-дин көптеген кітаптар мен рисалалар жазған. Хұсни хат пен миниатюра шеберлерін, суретшілер мен ұсталарды және аудармашыларды маңайына жинаған оның кітапханасы аса бай болған. Жиырма жылдық уәзірлік қызметінде көптеген кітапханалар, ауруханалар, медреселер салдырған. Өз қаражатына Тебриз қаласында «Руб-и Рашиди» деп аталатын арнайы қалашық салдырған. Ұлына жазған хатының бірінде Рашид ад-дин бұл қалашықта 30 мыңдай үй, 24 керуен сарай, 1 500 дүкен, моншалар, баулар мен бақшалар, ұстаханалар, қонақ үйлер, 6 000 шәкірт оқитын, 400 ғалым дәріс оқитын ірі медресе орналасқанын айтады. Сондықтан кейбір зерттеушілер «Руб-и Рашиди» қалашығын Иранның алғашқы университеті деп санайды. Осындай көрнекті ғалым, қайраткер тұлға болған Рашид ад-дин «Жамиғ ат-тауарих» деп аталатын тарихтар жинағын Елхан мемлекетінің әміршісі Ғазан ханның жарлығы бойынша 1300 жылы бастап, 1316 жылы Олжайытұ сұлтан дәуірінде тәмамдаған. Ол туралы ғұламаның өзі: «Бүкіл әлем халықтары мен адамзаттың түрлі топтарының өмір салты мен хикаяларын қамтитын тарих осы уақытқа дейін ешбір дәуірде жасалмаған әрі ол мемлекеттерде өзге елдер мен қалалар туралы мәліметтер жазылған ешқандай кітап болмаған, оған қоса бұрынғы патшалардың ешбірі зерттеулер мен ізденістер жүргізбеді, кітаптар шығармады», – дей отырып, Ғазан ханның жарлығы бойынша осындай іргелі жұмыстың басталғанын, ол бұйрықты орындау үшін барлық елдердің ғалымдары мен беделді адамдарынан деректер жинастырылып, анықтау жұмыстарын жүргізгенін, көне кітаптардың реттеліп таңдап алынғанын, солардан сарапталып, үзінділер алынғанын баяндайды.

«Жамиғ ат-тауарих» жинағының бірсыпыра бөлімі 1836 жылы француз тіліне аударылған болатын. Одан кейін 1858-1888 жылдары И.Н. Березин орыс тіліне, 1911 жылы Э.Блоше француз тіліне аударды. Сонымен қоса, 1936 жылдан бастап КСРО Шығыстану институты ғылыми қызметкерлері тарапынан орыс тіліне аударылып, 1946 жылы 3-ші томы, 1952 жылы 1-ші томы, 1960 жылы 2-ші томы жарық көрді. Орыс тіліндегі бұл аударманың саяси цензуралық қатаң бақылауда жарыққа шыққан, әбден ескірген және бұрмаланған аударма болғанын ерекше атап өткіміз келеді. Ешбір түпнұсқалық факсимилесі берілмеген аудармада Орталық Азия тарихына қатысты тұстарына қажетті түсініктемелер жаңсақ, тіптен кемшіліктері көп болған.

Сонымен бірге «Жамиғ ат-тауарих» жинағында түрлі-түсті суреттерімен берілген аса құнды миниатюралары, шежірелері, таңбалары секілді бай мұралары да мүлдем назардан тыс қалған еді. Одан кейін 1968 және 1980 жылдары А.А.Әли-заде «Жамиғ ат-тауарих» жинағының 2 том қолжазба нұсқаларының салыстырмалы мәтіндерін жариялады. Міне, осындай іргелі еңбек алғаш рет толық аударылып, қазақ оқырмандарына жол тартып отыр. ХІХ ғасырдан бастап ағылшын, француз, неміс, орыс, қытай және өзге тілдерге аударыла бастаған теңдессіз туынды алғаш рет қазақ тіліне 2020 жылы аударылып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің демеушілігімен жарық көрген еді. Оны қазақ тіліне тікелей аударған араб, парсы тілдерінің білгір маманы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Зәріпбай Жұманұлы Оразбай. Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен алғашқы аударманың кейбір кемшін тұстары толықтырылып, көне сөздердің арнайы сөздігі реттеліп, жүйеленген, ғылыми талапқа сай екінші басылымы баспаға ұсынылып, зерделі зерттеушілер мен оқырман қауымға ұсынылып отыр. Бұл тұста аудармашы ғылым талабына сай қолжазбада жазылған мәтінді ешқандай өзгертпей, сөзбе-сөз қаз-қалпында аударды. Сондықтан аудармашы парсы тіліндегі түпнұсқадағы түрлі халықтардың аттары мен жер-су атауларын және арнайы терминдерді мүмкіндігінше түпнұсқаға сәйкес қаз-қалпында таңбалауды көздеді.

Аудармаға негіз болған шығарманың парсы тіліндегі 1528 бет нұсқасы 1994 жылы Тегеранда «Әл-Барз» баспасы тарапынан шығарылған. Бұл толық нұсқаның факсимилесі де қоса берілді. Осы ретте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген кітапты аударуға түрткі болған, оның сапалы шығуына жанашырлық танытқан танымал тұлға Бейбіт Атамқұловқа және еңбегі сіңген барша азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз. Құнды еңбек тарихымызды түгендеуге, жадының жаңғырып, ұлттық кодымызды түйсінуге, сол арқылы халқымыздың рухани жаңғыруына қызмет ететініне күмән жоқ. Сондықтан тарлан тарихымыздың ақтаңдақ беттерін аша түсетін бағалы еңбек баршамызға құтты болсын!» делінген мақалада.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Барлық екілік опциялар мен форекс туралы
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: