Экономикалық күнтізбе – екілік опцион брокерінің шолулары

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Экономикалық жүйелер және олардың негізгі типтері

Кез-келген қоғамның экономикалық даму сипатын анықтау үшін «экономикалық жүйе» түсінігі қолданылады.

Экономикалық жүйе (грекше, systema – тұтас, бөлімдерден құралған) өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.

Басты міндеті– шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе өміршеңдігінің басты себебі – ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.

Экономикалық жүйенің мақсаты– халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші тұрпатқа өзгереді.

Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық саясиэкономияның негізін салушы – А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы» (1776ж.) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады. Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д.Рикардо, Ф.Лист, Дж.С.Милль, К.Маркс, К.Менгер, А.Маршалл, Дж.М.Кейнс, П.Самуэлсон еңбектерінде орын алды.

Экономикалық жүйеде қызмет ететін шаруашылық субъектісі өз таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарға ие болуы тиіс және не өндіру? қалай өндіру? кім үшін өндіру? керек деген экономиканың үш негізгі міндеттерін шешуге ұмтылады. Шаруашылық өмірдің бұл міндеттерін шешу тәсілін кез-келген қоғамға тән ақпараттық жүйе анықтайды. Шаруашылық іс-әрекетте әрбір субъектінің өз жоспары, талғамы, артықшылықтары және өндіріс әдістері туралы көзқарастары болатындықтан, таңдауды үйлестіруді кім және қалай жүзеге асырады деген сұрақ туындайды.

Экономикалық жүйелер әртүрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге жіктеледі:

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

· Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау

дәстүрлі экономикалық жүйе;

– орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (әміршіл – әкімшілдік немесе тоталитарлық);

нарықтық (нарықтық) экономикалық жүйе;

аралас экономикалық жүйе.

· Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе:

– дәстүрлі – қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді;

либералды – қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілердің болмауы (қазіргі индустриалды қоғам);

аралас – бірінші және екінші типтердің элементтерінен құралады.

• Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:

жабық экономикалық жүйе – шаруашылық іс-әрекеттер белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырылады (натуралды шаруашылық);

ашық экономикалық жүйе – басқа елдердің өндірістік бірлестіктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады (нарықтық шаруашылық).

Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей үлгілері болады:

1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (әміршіл- әкімшіл немесе тоталитарлық).

2. Нарықтық экономикалык жүйе.

3. Аралас экономикалық жүйе.

I. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе мемлекеттік меншік үстемдік еткен жағдайда қызмет етеді және жеке меншік болмайды.

Бұл жүйеге тән негізгі белгілер:

– елдің материалдық байлығының 90%-ға жуығы қоғамның (мемлекеттің) меншігі болып табылады;

– қоғамның барлық салалары орталықтан жоспарлау арқылы реттеледі;

– өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау орталықтандырылған. Барлық ресурстар өндірушілерге бір орталықтан жоспар бойынша қатаң бөлініп беріледі (ресурстар қажет емес болса да);

– экономикалық ынталандыру тек жалақы мен сый-ақы жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады, бірақ оның өзі қатаң бақыланады. Еңбек ақы деңгейінде алшақтық жоқ және еңбек етуге мәжбүрлеу басым;

– экономикалық тепе-тендік қатаң экономикалық-құқықтық және заңдарды қабылдау негізінде қамтамасыз етіледі;

– экономикада тауарлардың тапшылығы орын алады;

– қаржы-несие тетіктері (баға, пайыз, ақша массасы, несие) жаппай жоспардың орындалуына қызмет етеді;

– сыртқы саудада мемлекеттің ғана монополиялық билігі бар. Валютаны еркін айырбастауға тыйым салынады және валюта бағамын мемлекет бекітеді;

– шектеулердің көптігіне байланысты жүйеде көлеңкелі экономиканың үлесі жоғары;

– коммунистік идеологияның үстемдік етуі;

– әлеуметтік мәселелерді (жұмыссыздық, үймен қамтамасыз ету, көп балалы отбасыларға көмек беру және т.б.) шешуге көп көңіл бөлінеді.

ІІ.Нарық қағидаларына негізделген экономикалық жүйе жеке меншіктің классикалық жаңартылған нысандарына негізделеді. Мұнда нақты экономикалық мүдделері бар өндірушілердің іс-әрекеттері мен еркін таңдауларына басты мән беріледі.

Нарықтық экономиканың ерекше белгілері:

– инвестициялық ресурстарға жеке меншік;

– макроэкономикалық қызметті нарықтық механизм арқылы реттеу;

– көптеген сатушылар мен сатып алушылардың болуы;

– еркін кәсіпкерліктің дамуы.

Бұл экрономикалық жүйедегі экономикалық дамудың іргелі міндеттері баға және нарық арқылы шешіледі.

ІІІ. Аралас экономика туралы 100 жылдай бұрын А.Шефле, А.Вагнер сияқты ғалымдар өз еңбектерінде жазған болатын. Олардың пікірінше, аралас экономиканың қалыптасуына, жеке кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттің араласуы негіз болған. Батыс экономистері аралас экономикаға «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отыруы» деп анықтама берген.

XX ғасырдың 30-жылдары Дж. М. Кейнс мемлекеттік капитал салымдарын басқару жүйесінің қажеттігін негіздеп, аралас экономика теориясының дамуына өз үлесін қосты.

Аралас экономикалық жүйе нарық пен жоспарлаудың артықшылықтарын үйлестіру негізінде қалыптасқан. Мұндай экономиканың тұрпаты мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуын шектейді, бәсекелік ортаны ынталандырады, монополияны реттейді және әлеуметтік қорғау механизмдерінің жүзеге асуына жағдай жасайды.

Аралас экономиканың сипатты белгілері:

– мемлекеттік меншіктің болуы. Ол экономиканың дамуында тұрақтандырушы рөл атқарады. Жеке сектор жүзеге асыра алмайтын салаларда (темір жол, космосты игеру, атом энергетикасы және т.б.) қызмет етеді;

– меншіктің көптүрлілігі. Бәсекелік ортаның қалыптасу мүмкіншілігі мол;

– экономика нарықтык және жоспарлы тетіктер арқылы реттеледі;

– макро-микроэкономикалық денгейде экономикалық үрдістердің ұйымдастырушылық және басқарушылық рөлі басым;

– жеке кәсіпорындардың ірі әртараптандырылған фирмаларға өзгеруі.

Аралас экономиканың ерекшелігі – оған енетін элементтердің көптүрлі болуында.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жүйесі жедел жаңаруда. Осыған байланысты дамыған елдерде қолданылатын үлгілердің ерекшеліктері мен тиімді жақтарын зерттеу маңызды. Кез-келген экономикалық жүйе мен оның даму бағыттары мына жағдайларға тәуелді:

– табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуіне;

– тарихи даму шарттарына;

– елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүріне;
– өндіргіш күштердің дамуына;

– қоғамның әлеуметтік ортасына.

Барлық нарықтық үлгілерге тән ортақ белгілер:

– меншік нысандарының көптеген түрлерінің болуы;

– бағаның еркін қалыптасуы;

– еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
– дамыған кәсіпкерлік қызмет;

– экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің болуы.

Қазіргі әлемдік экономикада нарықтық экономиканың 7 үлгісін ерекше бөліп қарастырады.

1. Американдық немесе либералды үлгі. Оның ерекшеліктері:

– мемлекеттік меншіктің үлесі аз;

– экономикадағы мемлекеттің реттеуші рөлі төмен;

– ірі бизнестің жан-жақты дамуы;

– байлар мен кедейлердің өмір сүру деңгейіндегі үлкен алшақтық;

– жалақы мөлшеріндегі үлкен алшақтық;

– халықтың кедей топтарының өмір сүру жағдайларының орташа болуы.

2. Жапондық үлгі. Жапондық үлгінің ерекшеліктері:

ұлттық экономиканың негізгі даму бағыттарына мемлекеттік араласудың деңгейі жоғары;

– экономиканы тұрақтандыру мен тиімділігін жоғарылату үшін 30 жылға арналған стратегиялық жоспар, қорғаныс күштерін дамыту және күшейту үшін 5 жылдық жоспар қолданылады;

– ортақ мүдделерге сай бірігу, басқару мен шешім қабылдауға жұмысшыларды қатыстыру механизмдері іске қосылған;

– фирмаларда өмір бойы жұмысқа қабылдау кеңінен тараған;

– жалақы деңгейіндегі айырмашылық шамалы;

– үлгі әлеуметтік бағдарланған. Яғни, мемлекет әлеуметтік теңсіздікпен күрес жүргізеді, жұмыссыздардың, зейнеткерлердің, еңбекке жарамсыз азаматтардың әлеуметтік құқықтарының қорғалуын қадағалайды;

– жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті корпорациялар мен бірлестіктерге де жүктелген.

3. Неміс үлгісі. Ол өзінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны бойынша жапон үлгісіне жақын. Әлеуметтік нарықтық экономиканың немістік үлгісінің негізін салушы Людвиг Эрхард.

Неміс үлгсіінің ерекшеліктері:

– мемлекеттің экономикаға әсері үлкен, әсіресе, әлеуметтік мәселелерді шешуде оның орны ерекше. Германиядағы әлеуметтік міндеттемелердің елеулі бөлігін мемлекет өз мойнына алады: тегін медицина, білім беру және т.б.;

– XX ғасырдың 70 жылдары Германия ең алғашқылардың бірі болып негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді таргеттеу (жоспарлау) қағидасын енгізді. Әлеуметтік әріптестік қағидасы жүзеге асырылды. Ол бойынша кәсіпорын жұмысшылары меншік иесі тең құқықты әріптес болып табылады.

4. Швед үлгісі. Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп те атайды. Швед елі өмір сүру деңгейі мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің жоғары денгейімен ерекшеленеді. Мемлекет экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен табыстарды қайта бөлуде белсенді қызмет етеді. Бұл үлгінің ерекшеліктері:

– әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика;

– мүлік теңсіздігі өте төмен;

– халықтың қорғансыз топтарына көмек жоғары.

5. Француз үлгісі. Бұл үлгі американдық және неміс экономикасының ерекшеліктерін камтиды. Мұнда мемлекеттің реттеуші рөлі жоғары. Францияда 1947 жылдан бастап 5 жылдық индикативті жоспарлау жүзеге аса бастады. Мемлекеттік жоспарлаудың ерекше үлгісі ретінде франциялық жүйе нәтижелі болып табылады. Үлгінің өзіне тән ерекшелігі:

– халық шаруашылығында мемлекеттік кәсіпкерліктің үлесі ауқымды;

– капиталдың қорлану үрдісіне мемлекеттің кеңінен араласуы.

6. Оңтүстік Кореялық үлгі. Оңтүстік Корея өз экономикасын дамыту үрдісінде осы үлгіьді колдану арқылы қысқа мерзім ішінде экономикасы нашар елден индустриалды дамыған елге айналды. Үлгінің ерекшелігі: мемлекеттің экономиканы реттеуші рөлі басым. Ол келесі тетіктер арқылы жүзеге асырылады:

– экономикалық дамуды жоспарлау. Бес жылдық жоспарларды қабылдау, ірі инвестициялық жобаларды қолдау, оларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру;

– ұзақ уақыт бойы қаржы-несиелік сферада мемлекеттің монополиялық үстемдігі. 80 жылдардан кейін ғана жеке банктік – несиелік институттар пайда болды. Мұндай саясат қаржы – валюта ресурстарын бір орталыққа шоғырландырып, оларды басым салаларға тиімді жұмсауға мүмкіндік берді;

– отандық өндірушілерді қолдау мақсатында экспорттық операцияларды ынталандыру, импортты шектеу.

7. Қытай үлгісі.Қытай экономикасын реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. Шаруашылық жүргізу жүйесін өзгерту үшін шаруа қожалықтары отбасы деңгейінде құрылды. Жер 15-30 жылға жалға берілді. Шаруа қожалықтары өндірген өнімнің бір бөлігі салық, екінші бөлігі жергілікті билік органдарының қорына берілді, қалғаны мемлекетке жоғары бағамен немесе нарықта сатылды.

Шағын шаруашылықтың қаржылық, техникалық, технологиялық мүмкіншіліктері төмен болғандықтан, шаруа қожалықтарын кооперациялардың әртүрлі нысандарына біріктіру жүзеге асырылды.

Экономикалық теория ғылымының қалыптасуы және даму кезеңдері.

Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия және экономикс.

Экономикалық пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталды. Алғашқы экономикалық ой-пікірлер ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия сияқты елдерде Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.

Экономикалық теория алғашқы антикалық қоғамда «Экономия» яғни, үй шаруашылығын ұйымдастыру туралы ғылым ретінде қалыптасты. «Экономия» ұғымын алғаш ұсынған Ксенофонт. Қоғам дамуына байланысты «Экономия» ғылымы XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында жаңа мәнге ие болып «Саяси экономия» деген атпен дамыды. Ол грек тілінде «полис» – мемлекет, «ойкос» – үй шаруашылығы, «номос» – заң деген мағынаны білдіреді. Яғни, саяси экономия – бұл қоғамдық шаруашылықтың қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым

«Саяси экономия» ұғымын алғаш ғылымға енгізген француз ғалымы А.Монкретьен. Ғылым ретінде қалыптасқан саяси экономия бірнеше бағытта дамыды. Олар: меркантилизм мектебі, физиократтар мектебі, классикалық саяси экономистер мектебі, марксизм мектебі және бүгінгі таңдағы жаңа экономикалық мектептер (неоклассикалық мектеп, маржинализм мектебі, кейнсиандық мектеп және иниститутционализм мектебі)

Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы – меркантилизм мектебі. Ол италиян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұғымын білдіреді. Бұл мектеп өкілдерінің негізгі көзқарасы бойынша мемлекет байлығының қалыптасу көздері мен нысаны – ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі – сауда деп білді. Меркантилистердің көзқарасы бойынша тауарларды шет елден арзанға сатып алып, мейлінше қымбатқа сату арқылы елдегі алтын ақша қорын молайтуға болады. Алтын ақша неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның байлығы да мол болады деп тұжырымдады.

Меркантилистік мектептен кейін қоғамда физиократтар мектебі пайда болды. (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлықтың көзі саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек қана ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізгі қалаушы Ф.Кенэ және А. Тюрго. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты экономикалық кесте жасады. Бұл кестеде бір жылы ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндірістік үрдісі көрсетіледі.

Дегенмен, олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі және халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болады. Оны классикалық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо С.Сисмонди сынға алды. Классиктер қоғамның байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығын дәлелдеді. Олар ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптегі материалдық игіліктерді өндіру, өндеу үрдістерін жалғастыратын байланыс халыққа қызымет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп қоғамдық байлық молая түседі деген қағиданы қалыптастырды. Классикалық саяси экономистердің басты жағалығы – олар еңбек-құн теориясының негізін қалады.

Еңбек-құн теориясын ары қарай маркстік саяси экономия дамытып қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік теория бойынша пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп қоғамдасқан социалистік өндіріс орнату тиіс деді.

XIX ғ. соңы XX ғ. басында бірнеше жаңа экономикалық мектептер қалыптасты. Олардың бірі – маржинализм (французша marginal-шекті) мектебі. Бұл мектептің негізгі өкілдері К.Менгер, Э.Бембавек, В.Визер. Олардың қарастырған негізгі мәселесі, шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективтік-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез-келген адам игіліктің құндылығын субъективті түрде анықтайды оның пайдалылығына қарай бағасын белгілейді. Экономикалық теорияның келесі бір жаңа бағыты неокласикалық бағыт. Бұл мектептің негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл (1842-1938). Оның басты еңбегі 1890 ж жарық көрген «Экономика ғылымының қағидалары». Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайдалылық және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысады. АҚШ-та Дж. Кларк 1877-1938 шекті өнімдірілік және өндіріс факторлары өнімділігінің кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша қолданыстағы өндіріс факторларының саны өскен сайын, оның өнімділігі кемиді. Сөйтіп, XIX – XX ғасырларда экономика ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зертеуге негізделген маржинализм мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар – М. Вальрас, В.Парето және У.Джевонс.

Экономика ғылмында «laissez faire»қағидасын ұстанушы экономистердің де алатын орны ерекше. Олар Август Фридрих фон Хайк және Людвик фон Мизес. Бұл ғалымдар өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұсынған.

XX ғасырдың басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы нарықтық механизм арқылы экономиканы дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы «Ұлы күйзеліс» кезеңінен бастап экономиканы қалпына келтіру мақсатындағы көптеген бағыттар өз зертеулерін ұсынады. Солардың бірі-кейнстік бағыт. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі – Джон Мейнард Кейнс. Оның «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж.М.Кейнс экономиканы дағдарыстан шығару үшін макроэконокалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын көрсететін, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады.

Экономикалық өсудегеніміз бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму- бұл көп өлшемді процесс, ол өз құрамына техникалық экономикалық, әлеуметтік, саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістерді қосады. Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:

1. Экономиканың дамуының бастапқы деңгейi (мысалы, жан басына шаққандағы табыспен өлшенетін);

2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі;

3. Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс;

4. Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары, яғни әлемдік экономика конъюнктурасы.

Экономикалық даму оң және теріс экономикалық динамикалыболуы мүмкін. Ал, экономикалық өсу осы экономикалық дамудың оң динамикасы болып табылады.

Оны график түрде де көрсетуге болады (1-сурет).

1-сурет. Экономикалық даму және экономикалық өсу.

Экономикалық даму циклы 40-60ж. аралығын қамтиды. Экономикалық циклдың сипаты халық шаруашылығының экономикалық өсу және құлдырау жағдайында да болатындығын көрсетеді.

Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экономикалық өсуге жету мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу-бұл экономиканың дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т.б.) даму беталысы. Сонымен қатар, экономикалық өсу – бұл номиналды және нақты ЖҰӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан экономикалық өсу мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі болып табылады.

Нақты экономикалық өсу– экономикадағы негізгі қайшылықты (ресурстардың шектеулілігі мен қоғамдық қажеттіліктердің шексіздігі арасындағы) жаңа деңгейде шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:

1. Өндірістік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстарды, өндіріс процесінде жаңа мүмкіншіліктерді қолдану).

2. Қолда бар өндірістік мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану және қоғамдық қажеттіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашоқорлыққа қарсы күрес, адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту).

Тағы бір көңіл бөлетін ұғым – қазіргі экономикалық өсу. Қазіргі экономикалық өсу – нақты ұлттық табыстың өсу қарқынының халық санының өсу қарқынан тұрақты түрде жоғары болуы. Қазіргі экономикалық өсуге тән белгілер:

1. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі. Бұл көрсеткіш жоғары дамыған елдерде – 25 000$, Қазақстанда – 1 481,3$.

2. Халықтың білім деңгейі жоғарылайды.

3. Аграрлық сектордың үлесі азаяды.

4. Урбанизация процесі өседі.

5. ЖІӨ-гі экспорттың үлесі өседі.

6. ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.

7. Экономика мен әлеуметтік-саяси даму арасында тығыз байланыс туындайды (демократиялану процесі).

Айта кету керек, экономикалық өсудің қарқыны мен экономикалық өсу сапасының жоғарылауы арасында белгілі бір алшақтық болады. Өсудің жоғары қарқыны өсу сапасының төмендеуі арқылы да болуы мүмкін. Мысалы, еңбек шығындарының артуына, сол арқылы экономикалық өсу қарқынын өсіретін жұмыс күнінің ұзаруы немесе еңбек интенсивтілігінің өсуі өз кезегінде экономикалық өсу сапасына кері әсер етеді, яғни бос уақытты азайтады. Керісінше, төмен және теріс экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім шығару негізінде тұтынуды қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан да көп экономистердің ойы бойынша өсу аса жоғары қарқынды (9-10%) болса да, төмен болса да (2-3%) экономикалық өсудің тұрақты қарқыны болу керек.

Экономикалық өсу өндіріс көлемі мен сұраныс өсетін экономиканың жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Сонымен қатар, ол экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады және экономиканың циклдық ауытқуын жоя алмағанның өзінде, оны төмендетуге бағытталады. Сондай-ақ, дамудың объективті мүмкіндіктері жағдайында үздіксіз және барынша жоғары экономикалық өрлеуді қамтамасыз етуге бағытталады.

Экономикалық өрлеу әдетте жалпы ұлттық өнімнің өсуімен (пайызбен есептеледі) есептеледі. Бұл өлшем өнімнің мазмұнына және статистикалық ақпараттың сапасына байланысты болады.

ЖҰӨ1 – есептік жылдағы жалпы ұлттық өнім

ЖҰӨ0 – базистік жылдағы жалпы ұлттық өнім

Өсу кез-келген экономиканың, оның табиғатына қарамастан, соңғы мақсаты болып табылады. Бұл мақсаттың басымдылығы екі жағдайға жауап береді:

1. Жеке және ұжымдық кажеттіліктердің өсуін қамтамасыз ету (өмір сүру деңгейін көтеру);

2. Халықаралық бәсекеге қатысу үшін барынша жағымды жағдайлар жасау.

· Дайындық сатысы кезінде бірқатар құрылымдық өзгерістер баяу және кезеңді жүргізіледі;

· Салыстырмалы қысқа (30-40жыл) «өрлеу» сатысы, күшейтілген инвестицияның әсерінен экономика дамудың шегінен өтеді;

· Дамудың тұрақты өспелі сатысы, азды-көпті күшті ауытқуларға қарамастан экономика белсенділіктің тұрақты өспелі деңгейін сақтайды, бірақ бұл жерде өсу қарқыны алдыңғы кезеңге қарағанда төмен болады.

Қазіргі кезеңде дамыған экономикалық елдердің басты мәселелерінің бірі- экономикалық өсудің өмір сүру деңгейіне теріс әсер етуші келеңсіз құбылыстардың дамуымен жалғасатындығы. Бір жағынан, инфляция мәселесі экономикалық саясатты үздіксіз етуге және тез экономикалық өсуге қол жеткізуге итермелейді. Осылайша үкіметтің барлық талпынысының негізі болып тұрақты экономикалық өсу табылады.

Ізденіс сұрақтары:

1. Экономикалық даму мен экономикалық өсудің айырмашылықтары қандай?

2. ҚР экономикасының өсуін тұрақтандыру қандай мәселелерді шешуді қажетсінеді?

3. Экономикалық өсудің экологияға әсері бар ма? Болса қандай?

4. ҚР тұрақты экономикалық өсудің факторлары қандай?

5. Ашық экономика дегенімізді қалай түсінесіз, оның мәселелері қандай?

6. Экономикалық өсу сапасын қандай белгілер анықтайды?

7. Экономикалық өсудің мақсаттары қандай?

Тест тапсырмалары:

Дата добавления: 2020-12-20 ; просмотров: 62 | Нарушение авторских прав

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Барлық екілік опциялар мен форекс туралы
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Читайте также:
  1. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  2. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  3. АҚШАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
  4. АДАМНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
  8. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  9. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  10. АЗАҚСТАНДАҒЫ НЕКЕГЕ ТҰРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР.